STEM ACADEMIA – Эксперты в Образовании!

Контакты

+ 7 700 088 01 37

БІЛІМ БЕРУДЕГІ STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ STEM ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНДА 4К ДАМЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР»

Біз, STEM Academia командасы, білім беру саласындағы заманауи әдістерді насихаттап, тәжірибе алмасу мақсатында «Білім берудегі STEM технологиялары: мектеп оқушыларында 4К дамытудағы инновациялық тәсілдер» атты семинарға қатыстық.

Семинар барысында ғылым, технология, инженерия және математика бағыттарын шығармашылықпен үйлестіретін ерекше жобалар мен тың идеялар ұсынылды. Әсіресе, оқушылар әзірлеген STEM жобаларының медиакөрмесі бізге үлкен әсер қалдырды —оқушылардың зерттеуге, ойлап табуға деген қызығушылығы қуантады.

Сондай-ақ, шығармашылық көзқараспен жасалған бірқатар бірегей педагогикалық жобалармен таныстық:

            •           “Сөз құдіреті мен табиғат күші: физика және әдебиеттің әлемге әсері”

            •           “ChF” әдеби шығармасын құру”

            •           “Ежелгі шеберлердің технологиялары”

            •           “Экоқалқан операциясы” атты квест

            •           “Шекарасыз әндер” жобасы

Біз үшін ең маңыздысы — осы жобалардың барлығы оқушылардың креативтілік, сыни ойлау, коммуникация және кооперация сынды 4К дағдыларын дамытуға нақты бағытталғаны. Семинар барысында Залқарбек Мұраталиұлы оқушыларды олимпиадаларға дайындау бойынша практикалық кеңестерімен бөлісіп, “Білім берудегі жасанды интеллект” тақырыбында баяндама жасады. Бұл бағыт біз үшін өте маңызды, себебі жасанды интеллект қазіргі білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып келеді.

Сонымен қатар, семинар қатысушыларына арналған мынадай практикалық мастер-класстар да ерекше қызығушылық тудырды:

            •           “Анимация сиқыры: идеядан экранға дейін” мультилобораториясы

            •           “STEM хакатон: этнозал дизайны”

            •           Республикалық журналды онлайн жасау бойынша семинар

            •           “Білім мозаикасы” — тиімді білім беру платформаларын жасау құралдары

            •           “Жауынгерлік қимылдарды модельдеу” атты теле-тактикалық ойын

Біз үшін мұндай іс-шаралар — шабыт пен серпіннің қайнар көзі. STEM Academia ретінде біз еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған кез келген бастаманы қолдауға дайынбыз. Осындай кездесулер арқылы мұғалімдермен, оқушылармен және серіктестермен бірлесе отырып, болашаққа қадам басамыз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Для заполнения данной формы включите JavaScript в браузере.