Қалалық STEM олимпиада 2024
Астананың қалалық STEM олимпиадасы — 2024
Биыл қазанның 19-ы Астана қаласында «STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар» атты мектеп оқушыларына арналған қалалық олимпиада өтеді. Білімді жастарды бір арнаға тоғыстыратын білім бәйгесі осымен сегізінші рет ұйымдастырылуда.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы интеллектуалды дарынды оқушылардың зерттеу әлеуетін дамытуға жағдай жасау.
Олимпиаданың негізгі ұйымдастырушылары: Астана қаласының әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен, Астана қаласының Білім басқармасы және «STEM Academia» ЖШС.
Қалалық олимпиадаға инженерлік робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу пәндері бойынша еліміздің әр өңірінен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр командада екі немесе үш адам болады.
Қалалық STEM олимпиадасы қазанның 19-ы Quantum Tech School мектебінде сағат 08:30 - 19:30 аралығында өтеді.
Білім бәйгесінде бақ сынайтын барша білімді көшбасшыларға сәттілік тілейміз!
Жаңалықтар
Хромтаудағы облыстық STEM олимпиадасының бағдарламасы жарияланды
Олимпиада пройдёт 25 апреля 2026 года с 08:00 до 18:30. Подробный тайминг с площадками — на странице олимпиады.
Павлодар оқушылары Барселонадағы STEM олимпиадасына дайындалуда
Команда из Павлодара готовится к выступлению на международной STEM-олимпиаде.
Оқушылар Барселонадағы халықаралық STEM олимпиадасына қатысады
Команды казахстанских школьников представят страну на международной STEM-олимпиаде в Барселоне.