Тіркеу жүріп жатырХалықаралық олимпиада

Халықаралық STEM олимпиадасы және роботтар шайқасы — 2026

2026 жылғы 21–22 қарашада Астанадағы Kazakh National University of Sports базасында халықаралық STEM олимпиадасы мен роботтар шайқасының финалы өтеді. Іс-шара аясында алғаш рет Astana Drone Soccer Open Cup 2026 жарысы ұйымдастырылады; тіркелу — 6 қараша, Астана уақытымен сағат 18:00-ге дейін.

Күндері21–22 қараша 2026
Өтетін орныАстана, Kazakh National University of Sports
Картадан ашу ↗
ҚатысушыларОқушылар, Колледж студенттері
Команда: 2–3 адам
Тіркеу28 қазан — 6 қараша 2026
Өтінім беру Өтінімді тәлімгер жеке кабинет арқылы береді

Іс-шара туралы

2026 жылғы 21–22 қарашада Астана қаласындағы Kazakh National University of Sports базасында (Нұра ауданы, Қарқаралы көшесі, 15) «STEM-олимпиада — мектеп оқушыларына арналған инженерлік-технологиялық жарыс» халықаралық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтеді. Іс-шара күн сайын сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.

Қатысушылар
Халықаралық кезеңге қалалық және республикалық кезеңдерден өткен үздік жас инженерлер, сондай-ақ шетелдердің білім беру мекемелерінен келген 8–11 сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысады.

Жарыс бағыттары

  • Роботтар шайқасы (жауынгерлік робототехника).
  • Инженерлік дизайн.
  • Бағдарламалау.
  • 3D-модельдеу.

Astana Drone Soccer Open Cup 2026
Халықаралық кезең аясында алғаш рет дрон-футболдан ашық жарыс өтеді:

  • 3×3 — коллекторсыз дрондар.
  • 5×5 — коллекторлы дрондар.

Олимпиаданың ресми жұмыс тілдері — қазақ, ағылшын және орыс тілдері.

Тіркелу және қатысу шарттары
Командалар 2026 жылғы 6 қараша, Астана уақытымен сағат 18:00-ге дейін Google Forms арқылы тіркелуі тиіс. Үй тапсырмасы ретінде функционалды жауынгерлік робот құрастырып, таныстыру бейнежазбасы мен мәтіндік есеп тапсыру қажет.

Іс-шара жас дарындардың халықаралық тәжірибе алмасуына, инженерлік және жобалау дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар
Астана қаласының әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы Білім басқармасы, «STEM Academia» ЖШС және «YRYS Group Limited» ЖШС.

БАҚ үшін байланыс ақпараты
+7 (777) 001-67-86 (маркетинг бөлімі)
marketing@stem-academia.com

Бағыттар

Роботтар шайқасыИнженерлік дизайнБағдарламалау3D-модельдеу