STEM ACADEMIA – Эксперты в Образовании!

Хабарласу

+ 7 700 088 01 37

Аттестацияға дайынсыз ба,  педагог?

Аттестацияға дайынсыз ба,  педагог?

“Педагог мәртебесін көтеруде біз ұстаздарға деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Елімізде 350 мыңнан аса мұғалім бар. Олар балаларымыздың білім-біліктілігін арттыруда, жас жеткіншектерімізді тұлға етуде үлкен қызмет жасап жатыр. Сондықтан да мұғалімнің жұмысы шығармашылық жұмыс болуы керек” – деп Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді аттестациядан өткізу ережесі өзгеретінін, «қажетсіз тесттерден» арылып, аттестациялау жеңілдейтінін айтқан болатын. 

Сонымен, 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгертулер енгізіліп сәуір айында №72 бұйрық бойынша педагогтерді аттестациядан өткізудің жаңа  ережесі шықты. Министр айтқандай қажетсіз тесттер алынып тасталды ма?!

Егер педагог болсаңыз жетістіктеріңізді қағаз түрінде жинап, дипломдарды көтеріп жүрудің қажеті жоқ. Себебі биылғы жылдан бастап сіздің қатысқан семинар, конкурс, жарияланым, оқушылардың қатысқан жарыстардың бәрі арнайы сайтқа жүктелетін болады. Бұл жаңалық өз кезегінде білім саласындағы академиялық адалдыққа қадам болмақ. Ақылы түрде өтетін жарыстардың сертификаттары мен дипломдары бұрын да айтылып жүргендей енді жарамсыз болмақ. Құжаттардың барлығына директордың мөрі мен қолы қойылғаннан кейін электронды түрде Egov сайтына жүктеледі. 

Жаңа аттесттаудың тағы бір ерекшелігі – категорияға тапсырушылар бір жылда бір тегін және бір ақылы тест тапсыра алады. Тестті өз пәні мен оқыту әдістемесі бойынша тапсырады, сұрақтар саны – 50 (пәндік білім – 30 сұрақ, оқыту әдістемесі – 20 сұрақ) «Педагог» санатын алу үшін – 50 пайыз (25 ұпай), «педагог-модератор» санатын алу үшін – 60 пайыз (30 ұпай), «педагог  – сарапшы» санатын алу үшін – 70 пайыз (35 ұпай), «педагог – зерттеуші» санатын алу үшін – 80 пайыз (40 ұпай), «педгог – шебер» санатын алу үшін – 90 пайыз (45 ұпай) жинау керек болады. Бұл жылғы ерекшелік пәндік білім мен оқыту әдістемесі жеке ұпай шкаласымен емес, бірге пайызды құрайды. Ескі ереже бойынша тест тапсыру барысында ереже бұзған педагогтер 5 жыл жаңа санатқа бере алмайтын болса, жаңа ереже бойынша тек 1 жыл. 

«Педагог-модератор» санатын білім беру мекемесінде құрылған арнайы сараптама комиссиясы беретін болды. «Болашақ» бағдарламасының түлектері, CELTA  сертикаты бар, Президенттің кадр резервіндегі тұлғалар тесттен босатылып, «педагог-модератор» санаты автоматты түрде беріледі. 

Қорыта айтқанда, жаңа ереже білім баласында ашықтық пен академиялық адалдықты қалыптастыруда себеп болады деп сенеміз. Алайда білім саласында қызмет ететін әрбір педагогтің ең негізгі  жетістігі – шәкірті екені анық.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top