STEM ACADEMIA – Эксперты в Образовании!

Хабарласу

+ 7 700 088 01 37

«Білім берудегі менеджменттің заманауи тенденциялары» конференциясынан қалыс қалмаңыз…

«Білім берудегі менеджменттің заманауи тенденциялары» конференциясынан қалыс қалмаңыз…

ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры, күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінде ғылыми жаңалықтар ашылып, дүние бір орында тұрған жоқ. Өткен ғасырмен салыстырғанда қоғамда болған жаңалықтардың ғылымға, білім беру саласына әсер етіп, ену едәуір жылдам, онжылдықтар емес бір – екі жыл ғана жеткілікті. Бұл – білім саласының даму динамикасының бір орынында тұрмайтынын кепілі. 

Білім беруді жаңғырту, жаңа заманның талабына сай сабақ өту әрі педагогке міндет. Болашақта елдегі мамандардың сауатты, білімді болуы – бүгінгі оқушыдан бастау алады. Сол себепті білім беру жүйесінің сапалы болуына мемлекет назар аударып, бақылауға алу керек. Бүгінгі –  шәкірт, ертеңгі – дәрігер, инженер, мұғалім. 

Елімізде білім беру саласында қордаланып қалған, көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәслелер бар. Бұл тақырыптарды біз өзіміздің Podcastime подкастымызда талқылап, арнайы мамандармен тереңінен қарастырып жүрміз. 

Мектептерде оқушыларға зертхана жасайтын кабинеттердің болмауы, алынған теориялық білімде практикалық түрде қолдана алмау, академиялық адалдықтық болмауы, педагогтердің құзіреттілігінің төмендігі, ауыл баласы мен қала баласының біліміндегі алшақтық, сабақтардың дәстүрлі өтуі… Үздіксіз тізе беруге болады. Бұл олқылықтың орын толтыратын толтыратын іс-шаралар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылу керек. Соның бірі  – «Білім берудегі менеджменттің заманауи тенденциялары» конференциясы.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері білім беру саласында бірнеше реформалар мен шешімдер қабылданды. Еліміздің «Білім туралы» заңында айтылғандай «оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу» басты міндетердің бірі деп айтылған.  Мемлекет басшымыздың 2022 жылдың 1 қыркүйектің жолдауына сүйене келе: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»,  біз STEM Academia компаниясы білім беру саласында жұмыс атқарып келеміз. Біз білім беру саласындағы оқу орындарымен және білім саласындағы мамандармен ынтымақтаса отырып, білім беру процесіне инновациялық тәсілдер мен озық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істеудеміз.

Конференцияға ауыл мектептерінің басшылары,  білім саласынындағы эксперт мамандар, мектеп директорлары, мұғалімдер қатысады. Бұл конференция, ауыл мектебінің білім сапасын көтеру, заманауи технологиялар, білімдегі заманауи менеджмент, эмоционалды интеллект, көшбасшылық тақырыптарын ашық талқылауға және жаңа “өсу нүктелерін” табуға арналады.

Конференцияның спикерлері – АОО «Назарбаев зияткерлік мектептері» басқарама төрағасы, «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорының директоры  Данияр Токтарбаев, Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы  Сафура Сейдуәлиқызы, Аstana Garden School негізін қалаушы және бас директоры Нұрмұхаммед Досыбаев, Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейінің директоры Құралай Амангелдіқызы, Ұлытау облысы, Жаңарқа ауданы, Ақтау жалпы білім беру мектебінің директоры Арунов Мақсат,Qasbilim ұлттық лицейлер желісінің негізін қалаушы Аятжан Ахметжан, Эмоционалды интеллект бойынша тренер Асель Муратова, ROQED компаниясының директоры Мағжан Кистаубаев, Мониторинг жөніндегі менеджер Кеңшілік Сабыржан, STEM AcademiaМураталиұлы Залқарбек спикер болып, сессиялық тақырыптарға бөлінеді. 

Сіз де «Білім берудегі менеджменттің заманауи тенденциялары» конференциясынан қапы қалмаңыз…

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll to Top