STEM ACADEMIA – Эксперты в Образовании!

Хабарласу

+ 7 700 088 01 37

Қалалық STEM олимпиада 2024

Қалалық STEM олимпиада 2024

Биыл қазанның 19-ы Астана қаласында  «STEM Олимпиада – Білім берудегі инновациялар» атты мектеп оқушыларына арналған қалалық олимпиада өтеді. Білімді жастарды бір арнаға тоғыстыратын білім бәйгесі осымен сегізінші рет ұйымдастырылуда.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы интеллектуалды дарынды оқушылардың зерттеу әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

Олимпиаданы өткізу барысында: Оқушылар арасында өзекті пәндерге: инженерлік және жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықты арттыру; «Инженерлік робототехника», «Бағдарламалау», «3D модельдеу» салаларында танымдық белсенділікті жандандыру; Шығармашылық қабілеттер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту және Эксперименттік физика саласындағы ғылыми қызметке оқушыларымыз қызығушылықтарын арттыра алады.

Олимпиаданың негізгі ұйымдастырушыларының қатарында: Астана қаласының әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ, Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының қолдауымен, Астана қаласының Білім басқармасы және «STEM Academia» ЖШС бар.

Қалалық олимпиадаға инженерлік робототехника, бағдарламалау, 3D модельдеу пәндері бойынша еліміздің әр өңірінен 8-11 сынып оқушылары білім додасында бақтарын сынай алады. Әр командада 3 қатысушыдан аспауы керек. Яғни, екі немесе үш адамнан тұратын командалар қатысуға рұқсат етіледі.

Қалалық STEM олимпиадасы қазанның 19-ы Quantum Tech School мектебебінде сағат 08:30 – 19:30 аралығында өтеді.

Білім бәйгесінде бақ сынайтын барша білімді көшбасшыларға сәттілік тілейміз! Білімнің көкжиегін STEM олимпиадасымен бірге көтерейік.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please enable JavaScript in your browser to complete this form.