STEM ACADEMIA – Эксперты в Образовании!

Хабарласу

+ 7 700 088 01 37

Ұрпақтар теориясы дегенміз не және біздің алдымызда отырған шәкірт кім?

Ұрпақтар теориясы дегенміз не және біздің алдымызда отырған шәкірт кім?

Келісесіз деген ойдамын, соңғы кезде «бұл –  альфа ұрпақ өкілі», «бұлар бәрін біліп туады», «телефонды тілі шықпай үйренген» деген сөздерді қоғамды жиі естиміз. «Біз оқыған кезде бәрі басқаша болатын», «қазіргі балалар жыл сайын өзгеріп барады» деген сын пікірді де, кейде мақтап та жататын жандардың сөзін құлағымыз шалатыны рас. Осы жыл сайын балалардың өзгеше болуы, мінезі мен ойлауы, өзін – өзі ұстауының ерек болуы не нәрсеге қатысты?! Неге ұрпақтар ауысқан сайын адам да ауысуда? Үнемі талас тудыратын сұрақ  – сонымен өзгерген заман ба, адам ба?!

Бұл сұрақтың жауабын 1991 жылы Америкалық қос ғалым Нил Гов пен Уильям Штраус берді. Ғалымдар әртүрлі уақытта туылған адамдардың ерекшелігіне, жас айырмашыығына қарап ұрпақтардың құндылығына негіздеп теория құрды және оған «ұрпақтар теориясы» деген атау берді.  

1901  – 1927 – Ұлы ұрпақ 

1928- 1945 – Үнсіз ұрпақ 

1946 – 1964 – Бэйби бумерлер 

1964 – 1980 – Х ұрпақ 

1981- 1996-  Ү ұрпақ (миллениалдар)

1997- 2010 – ұрпақ

2010- 2020 – Альфа ұрпақ

Әлеуметтанушы мамандар ұрпақтарды бұлай бөліп қарауға негіз жоқ десе, білім саласы, саясат пен сату саласында ұрпақтар теориясын кең қолданабастаған. Дегенмен ғалымдар бірнеше сауалнама нәтижесінде қазіргі ұрпақғаламторсыз заманға дейінгі кезеңдегі өз құрдастарынан әлдеқайда ересек, әріөзін «балалық шақтамын» деп санамайтынын айтқан. Бүгінгі мектепте сіз бен бізоқытып отырған щәкірттер – Z ұрпақ пен Альфа ұрпақ. Олардың ерекшелігін білубіздің оқыту үрдісімізді жеңілдетер еді. 

Z ұрпақ – жаңа технологияға тез бейімделгіш, заманауи трендтерденқалмауға тырысады. Технологиялық заманда өмір сүргендіктен есте сақтауқабілетін төмен. Ауызша не жазбаша ақпаратқа қарағанда визуалды ақпаратты тез қабылдайды, яғни сабақ беру барысында осы тұсты назарда ұстау керек. Ғаламтор, гаджеттер, смартфордан өмірілерінің бір бөлігіне айналған, табиғатынан – шығармашыл, креативке жақын келеді. 

Альфа ұрпақ – бұл ұрпақтың ерекшелігі ұзақ тыңдау, оқу қиынғы соғады, назары тез ауысады. Ғаламторсыз, гаджетсіз әлемді көрмеген ұрпақ десе де болады. Сабақта назарын аударып, қызығушылығын бір қалыпта ұстау үшін – интербелсенді әдістерді жиі қолданған дұрыс. Тілі шықпай немесе жүрмей тұрып қолындағы смартфонды қолдана алса таңқалмаңыз. 

Екі ұрпақты да оқытуда «нашар оқысаң, аула сыпырасың» деп қорқыта алмайсыз. Себебі, үйде отырып-ақ қолындағы телефонмен ақша табуға болатынін білетін ұрпақ өкілдері. Ең бастысы – өз заманыңыздың емес, өз заманының баласын оқыту басты мақсат!

                                                                              Муслманбекова Назерке

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please enable JavaScript in your browser to complete this form.